"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі ауданы әкімінің міндетін атқарушы |
Т. Жағыпбаров |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 ақпаны №577 қаулысына 1-қосымша |
2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 257 | 0,4 | 1 |
2 | "Ляньцзи Сервис Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 51 | 4 | 2 |
3 | "Төңкеріс К" шаруа қожалығы | 110 | 1 | 1 |
4 | "Халық" шаруа қожалығы | 40 | 2,5 | 1 |
5 | "Жолдасов" шаруа қожалығы | 18 | 5,5 | 1 |
6 | "Бидайкөл" шаруа қожалығы | 113 | 1 | 1 |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 ақпаны № 577 қаулысына 2-қосымша |
2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік саны тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | "Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 257 | 0,4 | 1 |
2 | "Ляньцзи Сервис Казахстан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 51 | 2 | 1 |
Шиелі ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 ақпаны № 577 қаулысына 3-қосымша |
2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік саны тізімдік санынан | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам) |
1 | Қызылорда облысының білім басқармасының "Шиелі индустриалды – аграрлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | 110 | 1 | 1 |