Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабының 3), 4) тармақшаларына сәйкес тиісті аумақ халқының, Жаңаөзен қалалық мәслихатының және Жаңаөзен қаласы әкімдігінің пікірін ескере отырып, Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 7 желтоқсандағы қорытындысының негізінде Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ және Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңаөзен қаласы Рахат ауылының оңтүстік-шығысында жалпы алаңы 2 235,0 гектармен Кендірлі ауылы құрылсын.
2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы бірлескен қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімі мен Маңғыстау облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Қ. Аққұловқа жүктелсін.
4. Осы бірлескен Маңғыстау облыстық мәслихатының шешімі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облысының әкімі | С. Трумов |
Сессия төрағасы | Н. Губашов |
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы | Н. Тумышев |