Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Рахат ауылы халқының пікірін ескере отырып және Маңғыстау облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі және 2019 жылғы 1 қарашадағы қорытындыларының негізінде, Рахат ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. Рахат ауылының Мерей шағын ауданы Шоғы батыр көшесі, № 5 кіреберістен 46 көшеге дейін, 46 көшеден "Құланды" тас жолына дейінгі аралығына "Абылхан Машани даңғылы" атауы берілсін.
2. Рахат ауылы Мерей шағын ауданының, 46 көшесінің № 7 кіреберісінен 78 көшесіне дейінгі аралығына "Өтежан Алшымбаев көшесі" атауы берілсін.
3. "Рахат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман А.Турарова) осы шешімнің Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | О. Табынчаев |