Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 05-10-1308 ақпараттық хатының негізінде Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ.ЕТЕДІ:
1. "Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" Бейнеу ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қыркүйектегі № 210 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3993 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
реттік нөмірі 13 жолға өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.
2. "Бейнеу аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (С. Қалдығараев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын,қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Әзірхановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы | Ж. Темиров |