Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес Бейнеу ауданының әкімі ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Бейнеу ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 5 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3772 болып тіркелген, 2019 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
№ 117 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 117 сайлау учаскесі
Орталығы: "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Бейнеу" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Шекарасы: "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "99116 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі.";
№ 138 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 138 сайлау учаскесі
Орталығы: "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Атамекен" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Шекарасы: Бейнеу ауылының Жамбыл атындағы, Абай атындағы, Т. Тоқтаров атындағы, Ж. Аймауытов атындағы, Құрманғазы атындағы, Сәттіғұл атындағы көшелерінің үйлері.";
№ 139 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 139 сайлау учаскесі
Орталығы: "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Күйкен" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Шекарасы: Бейнеу ауылының А. Керейұлы атындағы көшесінің № 21-135 үйлері, Ерменбет би атындағы көшесінің № 27-135 үйлері, Тұрманбет батыр атындағы көшесінің № 28-135 үйлері, Тұрсын атындағы көшесінің № 30-135 үйлері, Шағырлы, Т. Қосжанұлы атындағы көшелерінің үйлері.";
№ 140 сайлау учаскесі жаңа редакцияда жазылсын:
"№ 140 сайлау учаскесі
Орталығы: "Бейнеу ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Манашы" бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.
Шекарасы: Бейнеу ауылының Қ.Сәтбаев атындағы көшесінің № 87-146 үйлері, Т. Рысқұлов атындағы көшесінің № 81-241 үйлері, Асау батыр атындағы көшесінің № 128-179 үйлері, Қалнияз ақын атындағы көшесінің № 58-120 үйлері, Амантұрлы батыр атындағы көшесінің № 128–179 үйлері, Қ.Тоқсанбайұлы атындағы көшесінің № 115-179 үйлері, Балуанияз батыр атындағы көшесінің №118-179 үйлері, Белдеулі, Бірлік, Білеулі, Рзаевтар атындағы, С. Бегендікұлы атындағы көшелерінің үйлері.".
2. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Г. Бақытова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімі аппаратының басшысы Г. Бақытоваға жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу ауданының әкімі | Б. Абилов |