Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 9 маусымдағы № 05-10-1063 ақпараттық хатының негізінде, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1. "Түпқараған ауданының ауылдарының және ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі № 22/188 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3699 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Түпқараған ауданының ауылдарының және ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінде:
орыс тіліндегі 1 тармағы жаңа редакцияда жазылды, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.
2. "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман-заңгер Ә. Нәдірқожақызы) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Түпқараған аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы А. Берішбаева) жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | К. Озгамбаев |
Түпқараған аудандық мәслихатының хатшысы | А. Досанова |