Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес,Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. "Түпқараған аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Утесбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Түпқараған ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т.Алтынгалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған ауданының әкімі | А.Қосуақов |
Түпқараған ауданы әкімдігінің | |
2020 жылғы 9 желтоқсаны | |
№ 284 қаулысына қосымша |
Түпқараған ауданы бойынша 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы топтар | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақысының мөлшері (теңге) | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында бір тәрбиеленушіге бір айда жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | |||||||
Балабақша (мемлекеттік) | Балабақша ( жеке) | Балабақша (мемлекеттік ) | Балабақша (жеке ) | Балабақша (мемлекеттік) | Балабақша ( жеке) | |||||
қала | ауыл | қала | ауыл | 3 жасқа дейін | 3 жастан 7 жасқа дейін | қала | ауыл | қала | ауыл | |
1- ден 3-ке дейінгі топтар | 77 | 99 | - | - | 10 782,80 | 13 115,63 | 29150 | 31810 | - | - |
4- тен 5-ке дейінгі топтар | 478 | 703 | - | 770 | 10 782,80 | 13 115,63 | 29150 | 31810 | - | 31810 |
6-дан 7-ге дейінгі топтар | - | 13 | - | - | 10 782,80 | 13 115,63 | - | 31810 | - | - |
Барлығы | 555 | 815 | - | 770 | х | х | х | х | - | х |