Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 04.05.2021 № 100-қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 05-10-529 ақпараттық хатының негізінде, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 229-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3178 болып тіркелген, 2016 жылы 17 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.";
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г.Ақниязова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Б.Біләловке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы ауданының әкімі | Р. Елтизаров |
Мұнайлы ауданының әкімдігінің | |
2016 жылғы 19 қазандағы | |
№ 229-қ қаулысына қосымша |
Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (%) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) | 709 | 4 | 28 |
2 | Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Маңғыстауэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 136 | 3 | 4 |
3 | Мұнайлы ауданы әкімдігінің "Маңғыстау Жылу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 225 | 3 | 7 |
4 | Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 3 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 271 | 4 | 11 |
5 | Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 4 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 222 | 3 | 7 |
6 | Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 9 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 298 | 4 | 12 |
7 | Мұнайлы ауданы әкімдігінің Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 10 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 398 | 4 | 16 |
8 | Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 12 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 359 | 4 | 14 |
9 | Мұнайлы аудандық білім бөлімінің "№ 13 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 170 | 3 | 5 |