Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Денисов ауданының Фрунзенское және Красноармейское ауылдарының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін № 453705ц, № 453705ц-1 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | А. Мухамбетов |
Әкімдіктің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 284 қаулысына қосымша |
Денисов ауданының Фрунзенское және Красноармейское ауылдарының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін № 453705ц, № 453705ц-1 ұңғымалары учаскесінде санитарлық қорғау аймағы
Су тарту көзінің атауы | Санитарлық қорғау аймағының көлемі | |||||
І – белдеу | ІІ – белдеу | ІІІ – белдеу | ||||
шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | шекарасы | ауданы | |
Ұзындығы – 100 метр | 1,6 гектар |
Ұзындығы – 115 метр | 1,9 гектар | Радиус – 574 метр | 103,5 гектар |