"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, 50-бабының 2-тармағына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың "Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 74 шешімінің (2017 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6784 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының төрайымы | Т. Абдрахманова |
Қалалық мәслихат хатшысы | С. Байгужин |