"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жітіқара ауданы әкімдігінің "2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2020 жылғы 17 ақпандағы № 25 қаулысына (2020 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8993 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жітіқара ауданының әкімі | А. Ибраев |
Жітіқара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 148 қаулысына қосымша |
Жітіқара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 25 қаулысына қосымша |
Жітіқара ауданының мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге) | |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың бір айдағы орташа құны (теңге) | ||||
1 | Жітіқара қаласы | "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қарлығаш" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 150 | 29622 | 3 жастан бастап 12000 |
2 | Жітіқара қаласы | "Дружба - 97" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 150 | 29622 |
3 жасқа дейін 10000 |
15 | 38904 |
3 жасқа дейін 10000 | |||
3 | Жітіқара қаласы | "Юбилейное" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 195 | 29622 |
3 жасқа дейін 10000 |
4 | Жітіқара қаласы | "КМ Бөбек" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 95 | 29622 |
3 жасқа дейін 10000 |
5 | Жітіқара қаласы | "Жітіқара ауданының Жітіқара қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Балапан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 190 | 29622 |
3 жасқа дейін 10000 |