"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қарасу ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 01-21/391 ұсынысы негізінде Жалғысқан ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облысы Қарасу ауданы Жалғысқан ауылының аумағында орналасқан Маяк-2 шаруа қожалығының мал фермасы аумағында ірі қара мал бруцеллезі ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Жалғысқан ауылы әкімінің "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2020 жылғы 11 маусымдағы № 2 шешімінің (2020 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9262 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Жалғысқан ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалғысқан ауылының әкімі | В. Лукович |