2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Соколов – Сарыбай кен - байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Қостанай ауданы Мәскеу ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы алаңы 3496,4 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Қостанай ауданы әкiмдігінің "Жер қатынастары бөлімі" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай ауданының әкімі | В. Радченко |