2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданы Мәскеу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Соколов - Сарыбай кен - байыту өндірістік бірлестігі" акционерлік қоғамына пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Қостанай ауданы Мәскеу ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы алаңы 914,6 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай ауданының Мәскеу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәскеу ауылдық округінің әкімі | Н. Кузайбин |