Мәслихаттың 2014 жылғы 28 қарашадағы № 273 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2020 жылғы 4 мамырдағы № 368 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 мамырда № 9175 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 2021 жылғы 8 қазандағы № 47 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы мәслихатының 08.10.2021 № 47 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Меңдіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы № 273 шешіміне (2015 жылғы 8 қаңтарда "Меңдіқара үні" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушылар) беріледі;";

      көрсетілген шешімнің 2-тармағының 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды:

      өтінішті;

      алушының жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын;

      мүгедектігі туралы анықтаманы;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжатты;

      оқу орнының мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын анықтамасын ұсынады.

      Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқада және көшірмеде ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы П. Лебедев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы К. Арыков

О внесении изменений в решение маслихата от 28 ноября 2014 года № 273 "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов"

Решение маслихата Мендыкаринского района Костанайской области от 4 мая 2020 года № 368. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 13 мая 2020 года № 9175. Утратило силу решением маслихата Мендыкаринского района Костанайской области от 8 октября 2021 года № 47

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Мендыкаринского района Костанайской области от 08.10.2021 № 47 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" Мендыкаринский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата "О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов" от 28 ноября 2014 года № 273 (опубликовано 8 января 2015 года в газете "Меңдіқара үні", зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5242) следующие изменения:

      подпункт 2) пункта 2 указанного решения изложить в новой редакции:

      "2) возмещение затрат на обучение предоставляется родителям и иным законным представителям детей с ограниченными возможностями, обучающихся на дому (далее - получатели);";

      подпункт 3) пункта 2 указанного решения изложить в новой редакции:

      "3) для возмещения затрат на обучение получатель представляет следующие документы:

      заявление;

      документ, удостоверяющий личность получателя (для идентификации личности);

      заключение психолого-медико-педагогической консультации;

      справка об инвалидности;

      документ, подтверждающий сведения о номере банковского счета;

      справка из учебного заведения, подтверждающая факт обучения ребенка-инвалида на дому.

      Документы предоставляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются получателю;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии П. Лебедев
      Секретарь районного маслихата К. Арыков