"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Камышин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Әкімнің "Шандақ ауылдық округінің Дорожное ауылының құрамдас бөлігін атауы туралы" 2008 жылғы 19 қарашадағы № 18 шешіміне (2009 жылғы 9 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-123 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Камышин ауылдық округінің Дорожное ауылы елді мекенінің құрамдас бөліктеріне атау беру туралы";
кіріспеде "Шандақ ауылдық округінің" сөз тіркесі "Камышин ауылдық округінің" сөз тіркесімен ауыстырылсын;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің Дорожное ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар:
атауы жоқ № 1 көшеге – Центральная көшесі;
атауы жоқ № 2 көшеге – Южная көшесі;
атауы жоқ № 3 көшеге – Рабочая көшесі берілсін.";
көрсетілген шешімнің қосымшасы алынып тасталсын.
2. "Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Федоров ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б. Бексултанов |