Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 27-баптарына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар облысының келесі әкімшілік-аумақтық бірліктері:
Аққулы ауданының "Қызыләскер" ауылдық округі "Қарақала" ауылдық округі және "Черное" ауылы "Қарақала" ауылы болып қайта аталсын;
Шарбақты ауданы Галкино ауылдық округі "Арбиген" ауылы атауының транскрипциясы "Арбаиген" деп өзгертілсін.
2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |
Сессия төрағасы, | |
Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы | Б. Бексеитова |