Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 38-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2020 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдері бекітілсін.
2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Қ. Байхановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 маусымы № 125/3 қаулысына қосымша |
2020 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты
бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға
арналған бюджет қаражатының көлемдері
Бюджет түрі | Субсидия көлемі, мың теңге | |||||
бірегей тұқымдар | элиталық тұқымдар | бірінші көбейтілген түқымдар | мақтанынң екінші көбейтілген тұқымдары | бірінші ұрпақ будандары | элиталық көшеттер | |
Жергілікті | 12 433 | 306 214 | 142 106 | 0 | 367 747 | 0 |
Жиыны | 828 500 |