Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Педагог мәртебесі туралы" Заңының 9-бабы 4-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Біржолғы сыйақы төлей отырып, "Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісі түрінде педагогтарды көтермелеудің қосымша шаралары белгіленсін.
2. Павлодар облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларының сипаттамасы, оларды беру тәртібі, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемінің мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
3. "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. А. Құрмановаға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 тамызы № 167/3 қаулысына қосымша |
Павлодар облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларының
сипаттамасы, оларды беру тәртібі, оның ішінде
біржолғы сыйақы төлемінің мөлшері
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Павлодар облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларының сипаттамасы, оларды беру тәртібі, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемінің мөлшері (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 25) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Педагог мәртебесі туралы" Заңының 9-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Павлодар облысының педагогтарын білім және ғылым саласындағы еңбектері мен жетістіктері, Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға ерекше үлес қосқаны үшін көтермелеу мақсатында "Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісі (бұдан әрі – Төсбелгі) беріледі.
3. Павлодар облысының педагогтарын көтермелеу туралы құжаттар "Тәуелсіздік күні" ұлттық мерекесін, "Қазақстан Республикасының Конституциясы күні" мемлекеттік мерекесін, "Мұғалім күні" кәсіби мерекесін мерекелеуге, сондай-ақ Павлодар облысының білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясын өткізуге байланысты қарастырылады.
4. Төсбелгіні беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына материалдар мен құжаттарды қабылдау жөніндегі жұмыс органы "Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) болып табылады.
2-тарау. Төсбелгінің сипаттамасы
5. Төсбелгі осы Тәртіптің 1-қосымшасында көзделген үлгі бойынша бір-бірімен сары түсті шығыршықпен қосылған салпыншақ пен қалып түрінде жасалады.
Планка тік бұрышты нысанда көгілдір түсті лентасы бар сары түсті металдан жасалады.
Салпыншақтың үш түрлі фигурадан тұратын пішіні бар және сары түсті металдан жасалады.
Салпыншақтың (аверс) бет жағының ортасында - "Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" деген жазу, жоғарғы жағында - төртбұрышты академиялық бас киімнің бейнесі, оң жағында қаламның бейнесі орналастырылады.
Салпыншақтың (реверс) сыртқы жағында қаламмен ашық кітаптың бейнесі орналасады.
Салпыншақтың жоғарғы бөлігінің екі жағында үш бес бұрышты жұлдыз орналастырылады.
3-тарау. Төсбелгіні беру тәртібі, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемінің мөлшері
6. Төсбелгімен білім беру ұйымдарында 10 (он) және одан да көп жыл жұмыс өтілі бар мектепке дейінгі, жалпы білім беретін, мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагогтары, келесі шарттардың бірі болған жағдайда:
1) Облыстық немесе Республикалық сараптамалық кеңестерде мақұлдау алған оқу-әдістемелік кешендердің, оқулықтар мен әдістемелік-дидактикалық материалдардың авторлары (бірлескен авторлар) болып табылатындар;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша күндізгі республикалық және халықаралық олимпиадалар, ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың жеңімпаздарын, жүлдегерлерін дайындаған;
3) күндізгі кәсіптік конкурстардың, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлердегі педагогикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік іс-шараларға қатысушылар болып табылатындар марапатталады.
Төсбелгіні беруге 5 (бес) жыл ішінде материалдық көтермелеу алған "Үздік педагог" Республикалық конкурсының жеңімпаз-педагогтарының кандидатуралары қарауға жіберілмейді.
7. Қосымша көтермелеу шараларына үміткер педагогтар құжаттарды (өтінім, портфолио) Басқарманың ашық деректер порталына жібереді.
8. Педагог портфолиосы оның жеке кәсіби жетістіктерін немесе білім алушылардың жетістіктерін растайтын соңғы 3 (үш) жылдағы материалдарды қамтиды.
9. Осы Тәртіптің 7-тармағында көзделген құжаттарды педагогтар осы Тәртіптің 3-тармағында белгіленген жағдайларға кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын жібереді.
10. Марапаттау құжаттары мен материалдары Комиссия отырысында қаралады.
11. Комиссия Павлодар облысының педагогтарын көтермелеуге объективті көзқарасты қамтамасыз ету үшін құрылады және облыс әкімдігінің қызметкерлерінен, үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіптік одақтардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен қалыптастырылады.
Комиссия құрамы 11 (он бір) адамнан тұрады және облыс әкімінің өкімімен бекітіледі.
Комиссия отырыстары оның мүшелерінің үштен екісінен астамы болған жағдайда заңды деп есептеледі.
12. Комиссия осы Тәртіптің 3-тармағында белгіленген жағдайларға 10 (он) күнтізбелік күн бұрын ашық дауыс беру арқылы алқалы түрде шешім қабылдайды.
13. Шешім, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
14. Педагогтарды көтермелеу үшін Комиссия қабылдаған шешім негіз болып табылады.
15. Комиссия шешімдері облыс әкімдігінің интернет-ресурсында, олар қабылданғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей орналастырылады.
16. Төсбелгіні табыстау салтанатты түрде жүргізіледі.
17. Әрбір наградталушыға Төсбелгіні табыстаумен бір мезгілде осы Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Төсбелгімен наградтау туралы тиісті куәлік беріледі.
18. Төсбелгімен наградтау туралы куәлікке облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
19. Төсбелгімен қайта марапаттауға жол берілмейді.
20. Төсбелгінің телнұсқалары, сондай-ақ оларға құжаттардың телнұсқалары наградталғандардың өтініштері бойынша олар жоғалған (жоғалған, ұрланған, бүлінген) жағдайда берілуі мүмкін.
21. Төсбелгінің иесіне республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақы төленеді.
22. Наградталатындардың саны тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде айқындалады.
Павлодар облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларының сипаттамасына, оларды беру тәртібіне, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемінің мөлшеріне 1-қосымша |
"Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісі
Павлодар облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларының сипаттамасына, оларды беру тәртібіне, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемінің мөлшеріне 2-қосымша |
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ | |
КУӘЛІК | |
______________________________ |
Осы куәлік "Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталғандығы туралы берілді |