Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Павлодар облысы әкімдігінің 31.03.2021 № 91/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С. К. Есімхановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облысының әкімі | А. Скаков |
Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қазаны № 223/5 қаулысына қосымша |
Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір
қаулыларының тізбесі
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 192/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4660 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда "Регион.kz" газетінде жарияланған).
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі "Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 193/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4659 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі "Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 263/9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4742 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 192/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 112/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5116 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
5. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 шілдедегі "Павлодар облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" № 221/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5208 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
6. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 қыркүйектегі "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі "Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 193/6 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 285/5 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5641 болып тіркелген, 2017 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).
7. Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 11 қазандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 192/6 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 351/6 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6113 болып тіркелген, 2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған).