Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Қалқаман ауылдық округінің Ақжол ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қалқаман ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық округінің Ақжол ауылындағы келесі көшелері:
"Тельман" көшесі "Бірлік" көшесі болып;
"Куйбышев" көшесі "Ертіс" көшесі болып;
"Лихачев" көшесі "Атамекен" көшесі болып;
"Клубная" көшесі "Аққу" көшесі болып;
"Лермонтов" көшесі "Малайсары батыр" көшесі болып;
"Октябрьская" көшесі "Жеңіс" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалқаман ауылдық округінің әкімі | Н. Мусабеков |