Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Алғабас ауылдық округінің Айнакөл ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Алғабас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің Айнакөл ауылындағы келесі көшелері:
"Луговая" көшесі "Жағалау" көшесі болып;
"Мир" көшесі "Бейбітшілік" көшесі болып;
"Советов" көшесі "Достық" көшесі болып;
"Степная" көшесі "Сарыарқа" көшесі болып;
"Строителей" көшесі "Мұхтар Әуезов" көшесі болып;
"Школьная" көшесі "Бірлік" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алғабас ауылдық округінің әкімі | М. Валитов |