Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округі әкімінің 19.02.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Ақтоғай ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 13 қазандағы №2-01/280 ұсынысы негізінде, Қожамжар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылдық округінің "Бирлик" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың қарасан ауруының анықталуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қожамжар ауылдық округінің әкімі | С. Тезекбаев |