Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 20 шілдедегі № 2-19/145 ұсынысы негізінде, Ақсаң ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баянауыл ауданы Ақсаң ауылдық округінде орналасқан "Құтмекен" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Баянауыл ауданы Ақсаң ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі "Баянауыл ауданы Ақсаң ауылдық округінде орналасқан "Құтмекен" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-04-02 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6801 болып тіркелген, 2020 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақсаң ауылдық округінің әкімі | К. Дюсенбаев |