Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Баянауыл ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 2-19/125 ұсынысы негізінде, Торайғыр ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінде орналасқан "Едіге" шаруа қожалығының аумағында ірі қара малдың құтыру ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 26 наурыздағы "Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округінде орналасқан "Едіге" шаруа қожалығының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-04/13 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6766 болып тіркелген, 2020 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Торайғыр ауылдық округінің әкімі | А. Абраров |