Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Железинка аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 мамырдағы "Железинка ауданы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлігін беру Қағидалары және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 100/6 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5530 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 маусымдағы "Туған өлке", 2017 жылғы 25 маусымдағы "Родные просторы" аудандық газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Железин аудандық мәслихатының заңдылық, құқықтық тәртіп және азаматтардың өтініштері мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Железин | |
аудандық мәслихатының хатшысы | П. Лампартер |