Железин ауданының ұйымдарында 2021 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 10 қарашадағы № 326/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 қарашада № 7023 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйырығына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, Железин ауданының ұйымдарында 2021 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Железин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Железин ауданының әкімі К. Кашкиров

  Железин ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 10 қарашасы
№ 326/5 қаулысына
қосымша

Железин ауданының ұйымдарында 2021 жылға
арналған бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарының квотасы

Р/с №

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Железин ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Құдайберген Әлсейітов атындағы Железин аудандық Мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

145

2

3


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в организациях Железинского района на 2021 год

Постановление акимата Железинского района Павлодарской области от 10 ноября 2020 года № 326/5. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 13 ноября 2020 года № 7023. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 1 статьи 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года, подпунктом 7) статьи 18 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, подпунктом 8) статьи 9, подпунктом 3) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О занятости населения", приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации", акимат Железинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы в организациях Железинского района на 2021 год независимо от организационно-правовой формы и формы собственности согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Железинского района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие c 1 января 2021 года.

      Аким Железинского района К. Кашкиров

  Приложение
к постановлению акимата
Железинского района
от 10 ноября 2020 года
№ 326/5

Квота рабочих мест для трудоустройства лиц,
освобожденных из мест лишения свободы
в организациях Железинского района на 2021 год

№ п/п

Наименование организации

Списочная численность работников
(человек)

Размер квоты (% от списочной численности работников)

Количество рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы (единиц)

1

Коммунальное государственное казҰнное предприятие "Железинский районный Дом культуры имени Кудайбергена Альсеитова" отдела культуры, физической культуры и спорта

145

2

3