Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округі Иса Байзақов ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Павлодар облысы Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 28 шілдедегі № 1-20-05 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 тамызда № 6891 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округі Иса Байзақов ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Байзақов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ертіс ауданы Байзақов ауылдық округі Иса Байзақов ауылының келесі көшелері:

      "Попович" көшесі "Сарыарқа" көшесі;

      "К.Маркса" көшесі "Шамшырақ" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Байзақов ауылдық округінің әкімі М. Аушенов

О переименовании некоторых улиц села Исы Байзакова Байзаковского сельского округа Иртышского района

Решение акима Байзаковского сельского округа Иртышского района Павлодарской области от 28 июля 2020 года № 1-20-05. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 12 августа 2020 года № 6891

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", учитывая мнение жителей села Исы Байзакова Байзаковского сельского округа Иртышского района и на основании заключения областной ономастической комиссии от 13 декабря 2019 года, аким Байзаковского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Переименовать следующие улицы села Исы Байзакова Байзаковского сельского округа Иртышского района:

      улицу "Поповича" на улицу "Сарыарқа";

      улицу "К.Маркса" на улицу "Шамшырақ".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Байзаковского сельского округа М. Аушенов