Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Ертіс ауданы Ертіс ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Ертіс ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ертіс ауданы Ертіс ауылының келесі көшелері:
"Транспортная" көшесі "Мерей" көшесі;
"Первомайская" көшесі "Бірлік" көшесі;
"Базарная" көшесі "Қазына" көшесі;
"Тельман" көшесі "Ақжол" көшесі;
"Чехов" көшесі "Қайнар" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ертіс ауылының әкімі | К. Бельгубаев |