Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тереңкөл аудандық мәслихатының 2019 жылғы 15 тамыздағы "Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" № 1/48 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6525 болып тіркелген, 2019 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тереңкөл аудандық мәслихатының әлеуметтік сала мен заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тереңкөл аудандық мәслихатының сессия төрағасы | С. Ахменова |
Тереңкөл аудандық мәслихатының хатшысы | С. Баяндинов |