Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" № 183 қаулысына сәйкес, Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2020 жылы Аққулы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
2. 2020 жылы Аққулы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
3. Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 18 наурыздағы "2020 жылы Аққулы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" № 252/52 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6775 болып тіркелген, 2020 жылғы 02 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Аққулы аудандық мәслихатының экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққулы аудандық мәслихатының сессия төрағасы | К. Жиеналин |
Аққулы аудандық мәслихатының хатшысы | С. Мусинова |