Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округі әкімінің 21.08.2020 № 1-03/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес және Аққулы ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 1-28/33 ұсынысы негізінде, Шарбақты ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аққулы ауданы Шарбақты ауылдық округінің Төсағаш ауылында орналасқан "Кайрат" шаруа қожалығының аумағында жануарлардың құтыру ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аққулы ауданының Шарбақты | |
ауылдық округінің әкімі | Т. Касенов |