Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Шақат ауылдық округінің Шақат ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Шақат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Павлодар ауданы Шақат ауылдық округі Шақат ауылының "Садовая" көшесі "Қаратай Әбдіков" көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шақат ауылдық округінің әкімі | Б. Абиев |