Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Педагог мәртебесі туралы" Заңының 9-бабының 4-тармағына сәйкес, Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Алматы қаласының педагогтарына жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарын беру тәртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерін беру тәртібі айқындалсын.
2. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, кейiннен мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |
қаулысына қосымша |
Алматы қаласының педагогтарына жергілікті ерекшелік белгілері
мен құрметті атақтарын беру тәртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы
төлемдерін беру тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Алматы қаласының педагогтарына жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтарын беру тәртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерін беру тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Педагог мәртебесі туралы" Заңына сәйкес әзірленді және меншік нысандарына қарамастан Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне жергілікті ерекшелік белгісін және "Алматының жыл мұғалімі" құрметті атағын беру және мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтарына гранттарды тағайындау тәртібін айқындайды.
2. "Алматының жыл мұғалімі" құрметті атағын беру бойынша конкурсты (бұдан әрі – Конкурс) Алматы қаласы Білім басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) өткізеді.
3. Осы Тәртіпте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Конкурстық комиссия – мектепішілік, аудандық және қалалық кезеңде Конкурстың жеңімпазын анықтау және Конкурстың келесі кезеңдеріне қатысу үшін ұсыным ұсыну үшін құрылатын комиссия;
2) Конкурсқа қатысушы – Конкурсқа қатысуға құжаттарын ұсынған Алматы қаласы білім беру ұйымының штаттағы педагог қызметкер;
3) педагог портфолиосы – педагогтің білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктері, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және дамуының нәтижесі, педагогтің белгілі бір уақыт аралығындағы білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі ұсынылған жеке папкасы;
4) эссе – белгілі бір тақырып бойынша жеке әсерді, идеяларды білдіретін шағын көлемді ойлар, шығарма;
5) грант - жергілікті атқарушы орган жыл сайын бөлетін ақша.
2. "Алматының жыл мұғалімі" құрметті атағын беру тәртібі
4. "Алматының жыл мұғалімі" құрметті атағы меншік нысандарына қарамастан Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне жыл сайын конкурстық негізде беріледі.
5. "Алматының жыл мұғалімі" құрметті атағы бір адамға бес жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.
6. Конкурсқа мынадай талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады:
1) Конкурсқа қатысушы ұсынған Алматы қаласы орта білім беру ұйымының штатында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар педагог қызметкер болып табылатын;
2) Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар.
7. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін оның әр кезеңінде ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).
Ұйымдастыру комитеті:
1) Конкурстың барлық кезеңдерде өткізілуін қамтамасыз етеді;
2) Конкурс кезеңдерінің өткізілу мерзімін белгілейді;
3) Конкурсқа қатысушылардың өтінімдері мен конкурстық материалдарды қабылдайды;
4) Конкурс кезеңдерінің нәтижелерін талдайды және қорытынды нәтижелерді шығарады;
5) Конкурстық комиссия шешімінің негізінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды;
6) Алматы қаласының аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында Конкурс қорытындыларын жариялайды.
8. Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:
1) I кезең – мектепішілік, жыл сайын ақпан айында өткізіледі, онда Конкурстың екінші кезеңіне қатысуға ұсынылатын жеңімпаздар айқындалады;
Бірінші кезеңде әр мектеп екіден артық емес жеңімпаздарды Конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін ұсынады.
Бірінші кезеңнің Конкурсқа қатысушыларын бағалау үшін құрамы тиісті орта білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілетін мектепішілік конкурстық комиссия құрылады.
Мектепішілік конкурстық комиссия педагогикалық, психологиялық және әдістемелік саланың ғалымдарынан, республикалық "Үздік педагог" конкурстарының жеңімпаздарынан, ардагер-ұстаздардан, жаңашыл-педагогтар мен әдіскерлерден құрылады.
2) II кезең – аудандық, жыл сайын наурыз айында өткізіледі, онда Конкурстың үшінші кезеңіне қатысуға ұсынылатын жеңімпаздар айқындалады;
Конкурстың ІІІ кезеңіне әр ауданнан ІІ кезең қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған бес қатысушы өтеді.
Конкурстың І және ІІ кезеңдері 4 турдан тұрады:
1 тур (іріктеу) – пән бойынша олимпиада, мұғалімнің портфолиосын зерделеу.
Бағалау критерийі: оқытатын пәніне байланысты теориялық дайындығы мен мұғалімнің кәсіби жетістіктері.
2 тур – (іріктеу) "Менің инновациялық педагогтік тәжірибем" айдарымен мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы. Таныстырылым ұзақтығы – 10 минуттан артық емес.
Бағалау критерийі: мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық, әдістемелік және технологиялық негіздерінің өзектілігі, нақтылығы, инновациялығы және оның баяндау шеберлігі, жаңашылдығы, сындарлы ойлауы, жобаның тәжиірбелік бағыты.
3 тур – "Сабағым – мұғалімнің кәсіби тұжырымымның айнасы" айдарымен мұғалімнің өзінің таныстырылымында баяндаған тұжырымдама негізінде өткізілетін сабағы. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Конкурсқа қатысушы сабақты басқа мектептің оқушыларымен өткізеді. Сабақтан кейін конкурсқа қатысушы өз сабағына талдау жүргізеді.
Бағалау критерийі: мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздемелері, әдістемелік және технологиялық құрылымы сабақта қаншалықты жүзеге асқандығы, оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын сындарлы ойлауын, қарым-қатынас жасау қабілеті және командада жұмыс істеу дағдысын дамытуды іске асыру деңгейі.
4 тур – "Мен елімнің патриотымын" тақырыбында басқа мектептің оқушыларымен тәрбие сағатын өткізу. Тәрбие сағатының ұзақтығы – 30-40 минут. Соңынан конкурсқа қатысушы тәрбие сағатына талдау жүргізеді.
Бағалау критерийі: кішкентай Отанына деген сүйіспеншіліктен, Қазақстанда тұратын халықтардың рухани-адамгершілік құндылықтары призмасы арқылы ұлттық бірегейлікті сақтаудан басталатын қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы мұғалімнің шығармашылық әлеуеті мен тәжірибесі.
3) III кезең – қалалық, жыл сайын сәуір-мамыр айларында өткізіледі, онда Конкурстың жеңімпаздары айқындалады.
Конкурстың қалалық кезеңі 5 турдан тұрады:
1 тур (іріктеу) – пән бойынша олимпиада, мұғалімнің портфолиосын зерделеу.
Бағалау критерийі: оқытатын пәніне байланысты теориялық дайындығы мен мұғалімнің кәсіби жетістіктері.
2 тур – (іріктеу) "Менің инновациялық педагогтік тәжірибем" айдарымен мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы. Таныстырылым ұзақтығы – 10 минуттан артық емес.
Бағалау критерийі: мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық, әдістемелік және технологиялық негіздерінің өзектілігі, нақтылығы, инновациялығы және оның баяндау шеберлігі, жаңашылдығы, сындарлы ойлауы, жобаның тәжиірбелік бағыты.
3 тур – "Сабағым – мұғалімнің кәсіби тұжырымымның айнасы" айдарымен мұғалімнің өзінің таныстырылымында баяндаған тұжырымдама негізінде өткізілетін сабағы. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Конкурсқа қатысушы сабақты басқа мектептің оқушыларымен өткізеді. Сабақтан кейін конкурсқа қатысушы өз сабағына талдау жүргізеді.
Бағалау критерийі: мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздемелері, әдістемелік және технологиялық құрылымы сабақта қаншалықты жүзеге асқандығы, оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын сындарлы ойлауын, қарым-қатынас жасау қабілеті және командада жұмыс істеу дағдысын дамытуды іске асыру деңгейі.
4 тур – "Мен елімнің патриотымын" тақырыбында басқа мектептің оқушыларымен тәрбие сағатын өткізу. Тәрбие сағатының ұзақтығы – 30-40 минут. Соңынан конкурсқа қатысушы тәрбие сағатына талдау жүргізеді.
Бағалау критерийі: кішкентай Отанына деген сүйіспеншіліктен, Қазақстанда тұратын халықтардың рухани-адамгершілік құндылықтары призмасы арқылы ұлттық бірегейлікті сақтаудан басталатын қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы мұғалімнің шығармашылық әлеуеті мен тәжірибесі.
5 тур – "Менің Қазақстанның дамуына қосқан үлесім" тақырыбындағы мұғалімнің телевизиялық таныстырылымы. Телевизиялық таныстырылым "Алматы" телеарнасы арқылы өткізіледі, онда көрермендер нақты бір конкурстың қатысушысына дауыс береді. Таныстырылым ұзақтығы – 7 минутқа дейін.
Бағалау критерийі: педагогикалық кредосы, белсенді азаматтық ұстанымы, өзгелерді өзіне тартуы, сенімділігі, сындарлы ойы.
9. Көрермендер таныстырылым аяқталғаннан соң үш сағат бойы телефон желісі арқылы өздерінің дауыстары туралы СМС-хабарламаларды жолдайды. Конкурс қатысушыларына берілген дауыстарды санауды Ұйымдастыру комитеті жүргізеді және қалалық конкурстық комиссияға ұсынылады.
5-турды өткізуден 10 күн бұрын Ұйымдастыру комитеті кең көлемде "Алматы" телеарнасы арқылы Конкурсты және алда болатын конкурсқа қатысушылардың телевизиялық таныстырылымын жарнамалауды жүргізеді.
10. Конкурс жеңімпаздарын қалалық конкурстық комиссия конкурсқа қатысушалырдың ІІІ кезеңнің бес турының қорытындысы бойынша жинаған балдарымен анықталады.
11. Конкурстың ІІ және ІІІ кезеңдерінің қатысушыларын бағалау үшін құрамы Басқарманың бұйрығымен бекітілетін аудандық және қалалық конкурстық комиссия құрылады.
Аудандық және қалалық конкурстық комиссия педагогикалық, психологиялық және әдістемелік саланың ғалымдарынан, республикалық "Үздік педагог" конкурстарының жеңімпаздарынан, ардагер-ұстаздардан, жаңашыл-педагогтер, әдіскерлерден және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен құрылады.
Комиссия төрағасы, төраға орынбасары және хатшысы комиссия мүшелерінен сайланады.
Аудандық және қалалық конкурстық комиссия мүшелерінің саны он бес адамнан кем болмауы тиіс. Конкурстық комиссияның отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады.
Аудандық және қалалық конкурстық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда төрағаның міндетін атқару оның орынбасарына жүктеледі.
12. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1) Тәртіптің 1-қосымшасына сәйкес, Ұйымдастыру комитеті төрағасының атына жазылған өтінім;
2) "Менің инновациялық педагогтік тәжірибем" өз қызметінде кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерін, әдістемелік және технологиялық құрылымын қамтитын таныстырылым;
3) "Сабағым – кәсіби тұжырымымның айнасы" таныстырылымында баяндалған кәсіби шығармашылықтың тұжырымдамасы негізінде құрылған сабағының қысқа мерзімді жоспары;
4) мұғалімнің өзі сынып жетекшісі болып табылатын оқушылармен "Мен елімнің патриотымын" тақырыбында өткізетін тәрбие сағатын әзірлеу;
5) Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес, педагогтың портфолиосы.
13. Конкурстың барлық кезеңдерінде конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
14. Конкурстың жүлделі орындары:
Гран-При (1 адам);
I орын (1 адам);
II орын (1 адам);
III орын (1 адам).
15. Конкурстың Гран-При иегеріне "Алматының жыл мұғалімі" құрметті атағы және Тәртіптің 3-қосымшасына сәйкес ерекшелік белгісі беріледі.
16. Жүлделі орындарға ие болған Конкурс қатысушыларына диплом, құнды сыйлық беріледі (Гран-При және І орын) және біржолғы ақшалай сыйақы төлемдері (ІІ орын және ІІІ орын) төленеді.
2. Грантты тағайындау тәртібі
17. Педагогтардың шығармашылық әлеуетін көтермелеу және кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында Басқарма гранттарды тағайындау бойынша конкурс өткізеді.
18. Конкурстың қатысушыларын бағалау үшін құрамы Басқарманың бұйрығымен бекітілетін гранттарды тағайындау жөніндегі конкурстық комиссия құрылады.
19. Гранттарды тағайындау бойынша конкурсқа мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар педагогтары қатысады.
20. Грантты тағайындау бойынша конкурсқа қатысу үшін білім беру ұйымы бірден артық емес педагогты ұсынады.
21. Тәртіптің 2-қосымшасына сәйкес педагог портфолиосы гранттарды тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияға ағымдағы жылдың сәуір айының 10-30 аралығында ұсынылады.
22. Конкурстардың жеңімпаздары жыл сайынғы "Мұғалімдер күні" мерекесінің салтанатында марапатталады.
23. Құнды сыйлықтарды беру және біржолғы сыйақы төлеу, сондай-ақ гранттарды тағайындау жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тәртіпке 1-қосымша |
"Алматының жыл мұғалімі" атағын беру конкурсына қатысу үшін өтінім
Мені конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын:
1. | Жұмыс орны | |
2. | Тегі, аты, әкесінің аты | |
3. | Туған күні, айы, жылы | |
4. | Лауазымы | |
5. | Педагогикалық өтілі | |
6. | Лауазымдағы жұмыс өтілі | |
7. | Білімі (оқу орнының, факультеттің атауы, қай жылы бітірді) | |
8. | Біліктілік санаты | |
9. | Индексі көрсетілген үйінің мекенжайы | |
10. | Жеке басын куәландыратын құжатының деректері | |
11. | Байланыс телефоны (үй, ұялы) | |
12. | Марапаттау, көтермелеу |
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ парақта.
Өтінімнің толтырылған күні ________________________
Конкурсқа қатысушының жеке қолы ___________________
Тәртіпке 2-қосымша |
Педагог портфолиосы
1. Педагогтің кәсіби құзіреттілігін растайтын құжаттар:
1) мұғалімнің жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі);
2) жұмыс орны куәландырған кадрларды есепке алудың жеке парағы;
3) білімі туралы дипломдары (көшірмелері);
4) біліктілікті арттыру туралы сертификаттар, куәліктер (көшірмелері);
5) баспа жұмыстары, мақалалар, шеберлік-сабақтарын әзірлеу (баспа таңбасы);
6) әдістемелік құралдарға берілген рецензиялары;
7) "Менің жүрегімнің мепктебі" бейнеролик;
8) "Заманауи педагог қандай болуы керек" тақырыбына эссе.
Бейнероликтің мазмұны ұсынылған тақырып бойынша мұғалімнің монолог түріндегі жеке көзғарасы мен ойын баяндайды.
Бейнероликке қойылатын талаптар: формат: DVD, MPEG4, ең кіші өлшемі – 720x480 (12:8 см), ұзақтығы – 1 минут, ақпараттық бет конкурсқа қатысушының аты-жөнімен ресімделеді.
Бейнероликті түсіру және редакциялау кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды, фотосуреттерді, бейнеклиптерді, арнайы эффектілерді және фондық музыканы қолдануға болады. Конкурсқа тақырыпқа қатысы жоқ басқа адамдардың абыройы мен сезімін қорлайтын, жарнама сипатындағы роликтер қабылдамайды.
Эссенің мазмұны (A4 көлеміндегі бір бет, Times New Roman шрифті, көлемі-14 шрифт, арасы бір интервал) келесі мәселелердің мәнін ашуы қажет:
Сізді шабыттандыратын және балаларға айтатын ұлы тұлғалар кімдер (философтар, саясаткерлер, өнер қайраткерлері, педагогтар, рухани жетекшілер, меценаттар және тағы басқа)
Педагогтің мәртебесін көтеру үшін мектепте, ауданда, қалада, елімізде қандай іс-әрекеттер орындадыңыз?
баланың білім алуы мен тәрбиесіне отбасы қалай әсер етеді?
ізгі және жомарт адамды қалай тәрбиелеу керек?
2. Педагогтің қаланың, республиканың білім саласының дамуына қосқан жеке үлесін растайтын құжаттар (болған жағдайда):
1) педагогикалық тәжірибеге мемлекеттік білім беру және әлеуметтік жобаларды енгізу бойынша жұмыстарды растайтын анықтамалар;
2) қалалық деңгейде авторлық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;
3) республикалық деңгейде авторлық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;
4) халықаралық деңгейде авторлық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;
5) қалалық деңгейде ұсынылған оқулықтарды, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және енгізу;
6) республикалық деңгейде ұсынылған оқулықтарды, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және енгізу;
7) халықаралық деңгейде ұсынылған оқулықтарды, оқу құралдары, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу және енгізу;
8) білім беру ұйымы педагогтарға тәлімгерлік жұмысы және оқыту (семинарлар, тренингтер, шеберлік сабағы және тағы басқа);
9) қаланың білім беру ұйымы педагогтарына тәлімгерлік жұмысы және оқыту (семинарлар, тренингтер, шеберлік сабағы және тағы басқа);
10) республика педагогтарына тәлімгерлік жұмысы және оқыту (семинарлар, тренингтер, шеберлік сабағы және тағы басқа);
11) халықаралық қауымдастықтың педагогтарының тәлімгерлік жұмысы және тренингтер (семинарлар, тренингтер, шеберлік сабағы және тағы басқа).
3. Соңғы 5 жыл бойынша педагогикалық қызметтің нәтижелілігін растайтын құжаттар (болған жағдайда):
1) оқушылардың біліміне мониторингі;
2) оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың және ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері;
3) оқушылардың қалалық олимпиада, оқушылардың ғылыми жарыстары, фестивальдер, конкурстар, конференциялар, шығармашылық конкурстар, спорттық жарыстар жүлдегерлері дипломдарының көшірмесі;
4) оқушылардың - республикалық олимпиада, оқушылардың ғылыми жарыстары, фестивальдер, конкурстар, конференциялар, шығармашылық конкурстар, спорттық жарыстар жүлдегерлері дипломдарының көшірмесі;
5) оқушылардың - халықаралық олимпиада, оқушылардың ғылыми жарыстары, фестивальдер, конкурстар, конференциялар, шығармашылық конкурстар, спорттық жарыстар жүлдегерлері дипломдарының көшірмесі;
6) қалалық ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіби конкурстарға, жобаларға қатысқаны үшін берілген грамоталардың, дипломдардың көшірмелері;
7) республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіби конкурстарға, жобаларға қатысқаны үшін берілген грамоталардың, дипломдардың көшірмелері;
8) халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға, кәсіби конкурстарға, жобаларға қатысқаны үшін берілген грамоталардың, дипломдардың көшірмелері.
4. Педагогтың кәсіби шеберлігіне және жеке тұлғасына берген бағаны растайтын құжаттар:
1) мұғалімді үкіметтің, ұлттық педагогикалық ұйымдардың, білім беру ұйымдары директорларының, әріптестерінің, басқа қоғамдастықтардың өкілдерінің немесе оқушылардың (әкімшілік, әріптестер, оқушылар, ата-аналар, әлеуметтік серіктестер, ғылыми, педагогикалық, шығармашылық қоғамдастық өкілдерінің пікірлері, алғыс хаттар, грамоталар, дипломдар) тануы;
2) қоғамдастыққа ықпалы (бұқаралық ақпарат құралдарындағы, талқылаулардағы, семинарлардағы танылуы, қайырымдылық ұйымдарына мүшелік);
3) оқушыларды және тәрбиеленушілердің әр түрлі ұлт өкілдерімен, түрлі мәдениет пен діни сенімдегі адамдармен қатар өмір сүруге, жұмыс істеуге және қарым-қатынас жасасуға мүмкіндік беретін құндылықтарға негіздеп оқыту мен тәрбиелеуді дамыту (басқа елдердің мектептерімен ынтымақтастық, оқушылармен алмасу бағдарламаларын іске асыруға ықпал етуі).
Тәртіпке 3-қосымша |