Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |
Алматы қаласының әкімі | |
2020 жылғы 29 қыркүйегі | |
№ 3/398 | |
қаулыға қосымша |
Алматы қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір
қаулылардың тізбесі
1) Алматы қаласы әкімдігінің "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 4/566 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1338 болып тіркілген, 2017 жылғы 10 қаңтардағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);
2) Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 3/477 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1326 болып тіркілген, 2016 жылғы 3 қарашадағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған);
3) Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында жер қатынастары саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 3/477 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 1/23 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1345 болып тіркілген, 2017 жылғы 28 ақпандағы "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).