Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, кейiннен мерзiмдi баспа басылымдарында ресми жариялауды және Алматы қаласы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 4/602 қаулысына қосымша |
Алматы қаласы әкімдігінің кейбір күші жойылған
қаулыларының тізбесі
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн оларды аттестаттаудан өткiзуге құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 12 тамыздағы № 3/380 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1308 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
2. Алматы қаласы әкімдігінің "Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентін бекіту туралы" 2017 жылғы 5 қазандағы № 4/397 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1414 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 қарашада "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
3. Алматы қаласы әкімдігінің "Бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы № 2/226 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1484 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 маусымда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
4. Алматы қаласы әкімдігінің "Техникалық, кәсiптiк және орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 мамырдағы № 2/227 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1486 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 маусымда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
5. Алматы қаласы әкімдігінің "Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары бiлiм беру ұйымдарындағы тәрбиеленушiлер мен бiлiм алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегiн тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 мамырдағы № 2/228 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1485 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 маусымда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).
6. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы әкiмдiгiнiң "Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген тұлғаларға бiлiктiлiк санаттарын беру (растау) үшiн оларды аттестаттаудан өткiзуге құжаттарды қабылдау" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентін бекіту туралы" 2016 жылғы 12 тамыздағы № 3/380 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 20 тамыздағы № 3/498 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1582 болып тіркелген, 2019 жылғы 3 қыркүйекте "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған).