Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкiмi ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласы Алмалы ауданы аумағында № 117 сайлау учаскесі таратылсын.
2. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 01 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1538 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетiнiң 2019 жылғы 13 сәуірде № 43-44 (5707) және "Вечерний Алматы" газетiнiң 2019 жылғы 13 сәуірде № 42-43 (13518-13519 сандарында жарияланған)) шешiмiне келесi өзгерiстер енгiзiлсiн:
1) аталған шешiмнiң қосымшасындағы "№ 117 сайлау учаскесі Орталығы: Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 473, "ЛА 155/1 мекемесі" республикалық мемлекеттік кәсіпорны" мәтінді алып тастау.
3. "Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әрі қарай мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялай отырып, осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және интернет-ресурстарда орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алмалы ауданы әкiмi аппаратының басшысы К.Қ. Әбiлқақоваға жүктелсiн.
5. Осы шешім, алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Алматы қаласының Алмалы ауданы әкімі |
Б. Торгаев |