Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабына сәйкес, Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы "Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" № 1 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 2 ақпанда № 1448 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2018 жылғы 10 ақпандағы № 18 (5525) және "Вечерний Алматы" газетінің 2018 жылғы 10 ақпандағы № 18 (13339) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әрі қарай мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялай отырып, осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары М. Нысаналиевке жүктелсін.
Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі |
С. Тоғай |