Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 22.08.2023 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңының 5-бабы 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу жөніндегі учаскелік комиссиялар туралы ереже бекітілсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі |
К. Аксакалов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілді |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссиялар туралы ережені бекіту туралы ереже
1. Жалпы ережелері
1. Осы атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссиялар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының (бұдан әрі-Заң) 5-бабы 3-тармағына, "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө бұйрығына (бұдан әрі – Бұйрық) және "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және учаскелік комиссиялардың мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.
2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
уәкілетті орган - атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыратын ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;
учаскелік комиссия - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін құрылатын арнайы комиссия.
Сондай-ақ "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асырады, ал учаскелік комиссиялар әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізеді.
3. Учаскелік комиссиялар (бұдан әрі – Комиссиялар) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссиялар өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаттарына сәйкес ұйымдастырады.
4. Комиссиялар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, осы Ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындылары бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекітетін Бұйрықты басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
5. Комиссияның негізгі міндеті уәкілетті органға, ал ауылдық жерде - ауылдық округ әкіміне халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек) немесе жергілікті өкілді органдар бекітетін Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес көрсетілетін әлеуметтік көмек көрсету, олардың атаулылығын арттыру жөніндегі қызметке жәрдемдесу болып табылады.
6. Комиссияның негізгі функцияларына:
1) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес берілетін әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру (бұдан әрі – тексеру) жүргізу;
2) қажет болған жағдайда атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін қажетті жетіспейтін мәліметтерді алу үшін тиісті органдарға сұрау салу;
3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға немесе Қағидаларға сәйкес берілетін әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берген адамның (бұдан әрі - өтініш беруші) материалдық жағдайын тексеру актісін жасау;
4) ұсынылған құжаттардың және (немесе) тексеру нәтижелерінің негізінде Бұйрықпен бекітілген учаскелік комиссиялар туралы үлгілік қағиданы, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын есепке ала отырып, Қағидаларға сәйкес көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік көмек берудің қажеттілігі немесе қажеттіліктің жоқтығы туралы қорытынды дайындау жатады.
3. Комиссия қызметін ұйымдастыру
7. Учаскелік комиссиялар туралы ережелер жергілікті өкілетті органдармен келісіледі.
8. Уәкілетті орган, ал ауылдық жерлерде - ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның қалыпты қызметі үшін қажетті жағдайлар (отырыс кезінде жеке бөлме береді, нормативтік құқықтық актілермен, техникалық құралдармен қамтамасыз етеді) жасайды.
9. Комиссия құрамына жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативтерінің, халықтың, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау ұйымдары мен уәкілетті органдарының, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өкілдері кіруі мүмкін.
Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы кемінде бес адам болуы тиіс.
10. Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияның осы Ережеде жүктелген міндеттер мен функцияларды уақытылы және сапалы орындауын қамтамасыз етеді.
11. Комиссия хатшысы өтініш берушіге отырыстың өткізілетін күні туралы хабарлауды, комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және ол өткізілгеннен кейін Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді жүзеге асырады.
12. Өтініш беруші Комиссия отырысына қатыса алады.
13. Комиссия:
Халықты жұмыспен қамту орталығынан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар және (немесе) атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер өтініш берушінің материалдық жағдайын тексерудің нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне береді;
құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш білдірген адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, Қағидаларға сәйкес адамның (отбасының) көрсетілетін әлеуметтік көмекке мұқтаждығы немесе мұқтаждығының жоқтығы туралы қорытынды әзірлейді және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
14. Комиссия құрамының жалпы санының үштен екісі болған кезде, оның шешімдері заңды болып табылады.
15. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып есептеледі.
16. Комиссияның қабылдаған шешімі қорытынды түрінде ресімделеді, өтініш берушіні осы шешіммен қол қойғызып таныстырады.
17. Өтініш беруші Комиссияның қорытындысына уәкілетті органға жүгіну арқылы, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдана алады.