Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 81 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 8 сәуірде № 6178 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 46 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 15.03.2021 № 46 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 27-бабына, "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттары:

      мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылатын жыл – 2020 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – ұзақ мерзімді бағалы қағаздар;

      2) көлемі – 25 510 868 000 (жиырма бес миллиард бес жүз он миллион сегіз жүз алпыс сегіз мың) теңгеден аспайды;

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 25.12.2020 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3) нысаналы мақсаты – төтенше жағдай әрекет еткен кезеңде айқындалған Жұмыспен қамту жол картасының іс-шараларын қаржыландыру.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
К.Аксакалов

Об определении условий, объема и целевого назначения выпуска государственных ценных бумаг местным исполнительным органом Северо-Казахстанской области

Постановление акимата Северо-Казахстанской области от 8 апреля 2020 года № 81. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 8 апреля 2020 года № 6178. Утратило силу постановлением акимата Северо-Казахстанской области от 15 марта 2021 года № 46

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Северо-Казахстанской области от 15.03.2021 № 46 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 марта 2020 года №126 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 16 марта 2020 года №287 "О дальнейших мерах по стабилизации экономики", акимат Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить следующие условия, объем и целевое назначение выпуска местным исполнительным органом Северо-Казахстанской области государственных ценных бумаг для обращения на внутреннем рынке:

      1) условия:

      год выпуска государственных ценных бумаг – 2020 год;

      вид ценных бумаг – долгосрочные ценные бумаги;

      2) объем не более 25 510 868 000 (двадцати пяти миллиардов пятьсот десять миллионов восемьсот шестьдесят восемь тысяч) тенге;

      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением акимата Северо-Казахстанской области от 25.12.2020 № 349 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3) целевое назначение – финансирование мероприятий Дорожной карты занятости, определенных в период действия чрезвычайного положения.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Управление финансов акимата Северо-Казахстанской области" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Северо-Казахстанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Северо-Казахстанской области после его официального опубликования;

      3) обеспечить выпуск государственных ценных бумаг.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Северо-Казахстанской области по курируемым вопросам.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким
Северо-Казахстанской области
К.Аксакалов