Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімінің 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 10 тамыздағы № 22-2 шешімінің (2018 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау электрондық түрдегі банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4880 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім ресми жариялануы тиіс және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының XXXVI сессиясының торағасы |
В.Заика |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының хатшысы |
С.Муканов |