Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 6 наурыздағы № 10-5 шешімінің (2017 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау электрондық түрдегі банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4132 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының XXXIX сессиясының торағасы |
С.Семенюк |
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының хатшысы |
С.Муканов |