Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Саумалкөл ауылы халқының пікірін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысы ономастикалық комиссияның 2018 жылғы 28 тамыздағы қорытындысы негізінде, Володар ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының Достық көшесі Бәйкен Әшімов көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Е. Касымгалиев |