Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 18.02.2021 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген, Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің "Мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 20 қаулысының (2019 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5214 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Тастемиров |
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің 2020 жылғы 24 маусымы № 180 қаулысына қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
Ұйымдар атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан %) | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны | Жұмыс істейтін мүгедектер саны | |
Барлығы (адам) | оның ішінде 2020 жылға | ||||
"Нежинка - Ерке" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 260 | 4 | 10 | 1 | 9 |
"Атамекен-Агро-Целинный" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 145 | 3 | 4 | 1 | 3 |