Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 106, 109-1 - баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабы 2-7 - тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "2020-2022 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 45/281 шешіміне (2020 жылдың 23 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5976 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"1. 2020-2022 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылдық округінің бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 14 602 мың теңге:
салықтық түсімдер 1 802 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;
трансферттер түсімі 12 800 мың теңге;
2) шығындар 14 602 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 0 мың теңге:
қарыздар түсімі 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 0 мың теңге.";
4-1 тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"4-1. Торанғұл ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттер көлемі жалпы 100 мың теңге сомасында қарастырылсын, соның ішінде:
1) абаттандыру мен жолдардың ағымдағы жөндеулеріне сметалық есепті дайындауға.
Аудандық бюджеттің аталған нысаналы трансферттерін бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылдық округі әкімінің шешімімен анықталады.";
5-тармақ алынып тасталсын;
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты сессиясының төрағасы | Б.Койшибаев |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының хатшысы | А.Бектасова |
2020 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Торанғұл ауылдық округінің бюджеті
Санаты | Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы | Сомасы (мың теңге) 2020 жыл |
1) Кірістер | 14 602 | |||
1 | Салықтық түсімдер | 1 802 | ||
01 | Табыс салығы | 155 | ||
2 | Жеке табыс салығы | 155 | ||
04 | Меншiкке салынатын салықтар | 1 647 | ||
1 | Мүлікке салынатын салықтар | 10 | ||
3 | Жер салығы | 437 | ||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 1 200 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 12 800 | ||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 12 800 | ||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 12 800 | ||
Функционалдық топ | Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері | Бағдарлама | Атауы | Сомасы (мың теңге) 2020 жыл |
2) Шығындар | 14 602 | |||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер | 12 927 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 12 927 | ||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 12 927 | ||
04 | Білім беру | 1 125 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 1 125 | ||
005 | Ауылдық жерлерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру | 1 125 | ||
07 | Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 250 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 250 | ||
009 | Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету | 250 | ||
12 | Көлік және коммуникация | 300 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 300 | ||
013 | Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | 300 | ||
3) Таза бюджеттік кредиттеу | 0 | |||
Бюджеттік кредиттер | 0 | |||
Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0 | |||
4) Қаржы активтермен операциялар бойынша сальдо | 0 | |||
Қаржылық активтерді сатып алу | 0 | |||
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | 0 | |||
5) Бюджет тапшылығы (профициті) | 0 | |||
6) Тапшылық орнын қаржыландыру (бюджет профицитін пайдалану) | 0 | |||
7 | Қарыздар түсімдері | 0 | ||
16 | Қарыздарды өтеу | 0 | ||
Санаты | Сыныбы | Кіші сыныбы | Атауы | Сомасы (мың теңге) 2020 жыл |
8 | Бюджет қаражатының пайдаланатын қалдықтары | 0 | ||
01 | Бюджет қаражатының қалдықтары | 0 | ||
1 | Бюджет қаражатының бос қалдықтары | 0 |