Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы |
О. Овчинникова |
Жамбыл ауданы мәслихатының хатшысы |
Б. Мусабаев |
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 8 маусымы № 49/5 шешіміне қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 23.10.2023 № 8/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Жалпы ережелер.
1. Коммуналдық қызметтерді төлеу және отын сатып алу бойынша
әлеуметтік қолдау (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына (бұдан әрі – мамандар) көрсетіледі.
2. Мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы мақсаттарға аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі.
3. Әлеуметтік қолдау мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының бірінші басшылары бекіткен тізімдер негізінде мамандардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.
4. Әлеуметтік қолдау екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы мамандардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
3. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері.
5. Әлеуметтік қолдау мамандарға жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.