Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14- бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2 тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 26 тамыздағы қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Вишневка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Якорь ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округінің Вишневка ауылындағы атауы жоқ көшелеріне келесі атаулар берілсін:
№ 1 атауы жоқ көше – Шұғыла;
№ 2 атауы жоқ көше – Орталық;
№ 3 атауы жоқ көше – Достық;
№ 4 атауы жоқ көше – Бірлік.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округінің әкімі |
В. Тихий |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Қызылжар ауданы Якорь | |
ауылдық округі әкімінің | |
2020 жылғы 15 желтоқсандағы | |
№ 63 шешіміне | |
қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Якорь ауылдық округінің Вишневка ауылындағы атауы жоқ көшелеріне атаулар беру туралы схемалық карта
Якорь ауылдық округінің әкімі | В.Тихий |