Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы аудандық бюджетінің қаражаты есебінен қамтылған аудан әкімінің аппаратының, ауылдық округ әкімдері аппараттарының, Булаев қаласы әкімінің аппаратының және ауданның атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 11 қаулысының (Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде 2017 жылғы 27 ақпанда жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4058 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Омаров |