Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 11.12.2023 № 14/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының "Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 27 маусымдағы № 5/7 шешіміне (2016 жылғы 3 тамызда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3844 болып тіркелді) келесі өзгерістер және толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Мамлют ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
4-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"4. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 17-бабында және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.";
11 және 12-тармақтары жаңа редакцияда баяндалсын:
"11. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға 1)-12) тармақшаларда белгіленген негіздер бойынша әлеуметтік көмек азаматтарға адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы бір ең төмен күнкөріс денгейінің мөлшері минимумының шегінен аспайтының ескере отырып, 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет, біржолғы көрсетіледі. АҚТҚ-жұқпасы бар балаларға ең төмен күнкөріс денгейінің 2 (екі) есе мөлшерде табысты ескерусіз ай сайын көрсетіледі.
12. Осы Қағидаларға 3-қосымшасының 14) тармақшасында негіз бойынша азаматтарға (отбасына) 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жан басына шаққандағы орташа табысты ескерусіз, әлеуметтік көмек негіз бойынша көрсетіледі.";
14-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"14. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға 16) тармақшада белгіленген негіздер бойынша 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде кірістерді есептеусіз ай сайын көрсетіледі.";
келесі мазмұндағы 18-1-тармағымен толықтырылсын:
"18-1. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға 20) тармақшада белгіленген негіздер бойынша Солтүстік Қазақстан облысына тұрақты жұмысқа келген дәрігерлер мен жоғары медициналық оқу орындарының түлектеріне-табыстарын есепке алмай 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.".
Қағидаларының 2, 3-қосымшасы осы шешімнің 1, 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы |
М.Линник |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының хатшысы |
Р.Нурмуканова |
Алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері
р/с № | Алушылар санаттарының тізбесі | Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері | Әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері |
1 | 2 | 3 | 4 |
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азамат (отбасы) не оның мүлкі | 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштен артық емес, бір жолғы | Өмірлік қиын жағдай туындаған күннен бастап 6 айдан кешіктірмей |
Азаматтарды санатына жататын тұлғаның (отбасының) материалдық – тұрмыстық жағдайының тексерісін жүргізу негіздерінің тізімі
1) жетімдік;
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалу;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық;
4) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
5) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі;
6) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы;
7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі, АҚТҚ-жұқпасы бар балаларға
8) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы;
9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік;
10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
11) бас бостандығынан айыру орындарынан босау;
12) пробация қызметінің есебінде болу;
13) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;
14) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) зиян келтіру;
15) амбулаторлық емдеу кезендегі туберкулездің белсенді түрімен ауыратын мұқтаж тұлғаларға;
16) Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектеріне, және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге теңестірілген коммуналдық қызметтерді төлеу және отын алу үшін;
17) Ұлы Отан соғысының қатысушылар және мүгедектеріне және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға санаторлық–курорттық емделуде мұқтаж;
18) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерге теңестірілген тұлғаларға тіс протездеу үшін (бағалы металлдардан және металлокерамика, металлоакриллден протезден басқа);
19) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектердің және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге теңестірілгендердің, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардан зардап шеккендердің, 1, 2, 3-ші топтағы мүгедектердің, мүгедек балалардың, сондай-ақ мүгедек балалар мен 1, 2-ші топтағы мүгедектерге еріп жүруші азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында жөнелту станциясынан ауруханаға жеткізилетін жерге дейін және кері қарай теміржол (плацкарт вагон), автомобиль жолаушылар көлігімен (таксиден басқа) жол жүруге мұқтаждығы;
20) Солтүстік Қазақстан облысына тұрақты жұмысқа келген дәрігерлер мен жоғары медициналық оқу орындарының түлектеріне мұқтаждығы.