Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 19.04.2024 № 151/13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2016 жылғы 28 қазандағы № 30 шешіміне (2016 жылғы 30 қарашада "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3938 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
13-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы |
Д.Трофимов |
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының хатшысы |
К. Шарипов |